Елімізде

Биыл елімізде 103 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделген

Осылайша жыл басынан бері 61 құрылыс жобасы бойынша шығындар қысқартылған

Биыл елімізде бюджет қаражатын ұрлауға жол бермеу жөніндегі шаралары нәтижесінде 103 млрд теңге үнемделді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  

ҚМА дерегінше, жыл басынан бері 61 құрылыс жобасы бойынша шығындар қысқартылды, бұл мемлекетке шамамен 103 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

Мәселен, Қарағанды облысында "Қарағанды Су" ЖШС негізгі су тазарту құрылыстарының блоктарын қайта жаңарту" жобасының ЖСҚ әзірлеу сатысында құбыр бұйымдарының 5 түрінің артық құны анықталды. Бағаны асыру ұқсас тауарлардың бағасын және басқа жеткізушілердің балама ұсыныстарын салыстыру арқылы анықталды.