Елімізде

Жазасын түрме өтеп жатқан Мейіржан Төребаев Алматыға келді

Ол қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін сотталған еді

Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Павлодардан Алматыға ауыстырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

БАҚ беттерінде Мейіржан Төребаевтың Павлодардан Алматыдағы минималды қауіпсіздік колониясына ауыстырылғаны туралы ақпарат тарады.

Tengrinews.kz редакциясына жауап берген ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті (ҚАЖ) вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың Алматыға ауыстырылғанын растады.

Еске салайық, 2023 жылғы маусымда Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодексінің 217-бабы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылды. Олар бес жылға сотталды. Бұл істің қалған қатысушылары 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.