Елімізде

Боқтық сөз айтқан Қайрат Нұртасқа полиция 73 мың теңге айыппұл салды

Әнші өз концертінде балағат сөз айтқан болатын

Полиция  қоғамдық орында балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалған әнші Қайрат Нұртасты жауапқа тартты, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Polisia.kz мәліметі бойынша, Қайрат Нұртасқа “ұсақ бұзақылық үшін  20 АЕК көлемінде айыппұл салынған”. 

Айта кетейік, биыл айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге. Яғни, Қайрат Нұртас концертінде боқтық сөз айтқаны үшін 73840 теңге айыппұл алып отыр.