Букмекерлер 10 айда 400 миллиард теңге таза табыс тапқан
Бұл – 12 букмекерлік кеңсенің жұмысы бойынша көрсетілген есеп.
Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында елдегі букмекерлік кеңселердің табысын атады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
– Біз ел аумағында жұмыс істейтін 12 букмекерлік кеңсенің ақпарат жүйесіне қосылғанбыз. Сол жерден көріп отырмыз. Менің есімде 10 айдың көрсеткіші қалыпты. Осы кезеңде 1 трлн 200 млрд теңге бәске қойылған. Соның 800 млрд теңгесі бәс тігушілерге ұтыс ретінде қайтарылған. Шамалап қарасаңыз, 400 млрд теңгедей таза табыс алған букмекерлер. Ал ол табыстың қайда кетіп жатқаны біздің сұрақ емес, – деді Мәди Такиев.