Елімізде

Былтыр Қазақстанда 388 мың сәби дүниеге келген

Былтыр Қазақстанда 388 мың сәби дүниеге келді. Олардың 51,6 пайызы ұлдар, 48,4 пайызы қыздар. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметте айтылған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бюро мәліметіне сәйкес, былтыр туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,52 болған. Салыстыру үшін айта кетсек, 2022 жылы бұл көрсеткіш 20,57 болған еді. 

Өңірлік бөліністе туудың ең жоғары коэффициентінің ең жоғары деңгейі Түркістан (4,39), Маңғыстау (3,99) облыстарында, ал ең төменгі деңгей — Солтүстік Қазақстан облысында (1,82) тіркелді. Сондай-ақ қалалық жерде — 2,63 (2022 жылы — 2,76), ауылдық жерде — 3,59 (2022 жылы — 3,59) болды. 

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауларында демографиялық мәселелерді назардан тыс қалдырған емес. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында да Президент демографиялық ахуалды арттыру туралы айтқан еді.