Coventry University Group Қазақстанда брендтік кампус ашуды қарастырып жатыр
Білім беру ұйымы әлемнің 70-тен астам елінде серіктестік орнатқан
Coventry University Group Primus Education ЖШС еншілес ұйымы болып табылатын University of Astana мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, Қазақстанда халықаралық кампус ашу арқылы өзінің жаһандық ауқымын кеңейтуді қарастырып отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Астанада ашу ұсынылып отырған филиал « Coventry University Kazakhstan » деп аталады және алдағы жылдары кезең-кезеңімен енгізілетін бакалавриат пен магистратура бағдарламаларының ауқымын кеңейтеді.
Сондай-ақ, Coventry University Group және Primus Education ашылатын филиалдың базасында мұғалімдерді даярлау бағдарламаларын әзірлеу бойынша ынтымақтастық орнатуды қарастыруда. Бұл бағдарламалар топ құрамына кіретін Ұлттық оқыту және білім беру институтының (National Institute for Teaching and Education) тәжірибесіне негізделеді. Олардың қатарында Қазақстандағы мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған халықаралық білікті оқытушы мәртебесі бар білім беру саласындағы халықаралық сертификат (iQTS with iPGCE) қарастырылады.
Primus Education президенті Алистер Бартоломью болса Ковентри университетінің кампусы тек Қазақстан үшін ғана емес, өзге елдер үшін де зор мүмкіндікке ие екенін атап өтті.