Елімізде

Депутат жұмыссыздарға 1 триллион теңгені таратып беруді ұсынды

Депутат жұмыссыздарға 1 триллион теңгені таратып беруді ұсынды

Депутаттың айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасына» 1 триллион теңге қарастырылып, 255 мың адамды тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланған. Сонда бір жұмыс орнын ашуға 4 миллион теңге жұмсалады. Ал ашылатын жұмыс орындарының дені – уақытша.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Жұмыспен қамту жол картасына» 1 триллион теңге көзделгенін растады. Оның 300 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, ал 700 миллиарды жергілікті бюджеттен бағытталады.

Ол «Еңбек» бағдарламасында да уақытша жұмыс орындары басым екенін айтты. Алайда, олардың құны төмен.

baq.kz