Доллар бағамы төмендеді
Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 506,70 теңгені құрады
2026 жылғы 21 қаңтарда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 506,70 теңгені құрап, тағы 0,46 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 6,49 теңгеге дейін арзандады (–0,02 теңге).
Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,84 теңгені құрады (–0,12 теңге).
Айырбастау орындарында долларды 506,6–508,8 теңгеден сатып алып, сатуда, еуро 591,6–596,2 теңге аралығында, рубль 6,42–6,53 теңге шамасында саудалануда.