Елімізде

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

The final spritzer

Ұлттық банктің 5 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,74 теңге

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497 – 503 теңгеден саудаланып жатыр,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұлттық банктің 5 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,74 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,60 теңге. Еуро — 525,23.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 499,5 теңге. Еуро 520 — 526 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 503,5 теңге, сатып алу құны — 497,5 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 521 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,46 - 5,61 аралығында саудаланып жатыр.