Елімізде

Екі ай ішінде еліміздің су қоймаларына 1,7 млрд текше метр тасқын су жиналды

Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева мәлімдеді

Ақпан айының басынан бері еліміздің су қоймаларына 1,7 млрд текше метр тасқын су жиналды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суды гидротехникалық құрылыстар арқылы қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етіп жатыр және оны өзен-көлдерге, дихандардың қажеттіліктеріне бағыттау үшін су қоймаларына жинайды. Былтыр тасқын суды сауатты бөлудің нәтижесінде қоймалар суға толтырылды, дихандар суармалы сумен толық қамтамасыз етілді.