«Екі есе бағасына сатып алған». Ұлытауда білім беру ұйымдарының заңсыз әрекеті әшкере болды
Олар азық-түлікті кәсіпкерлерден қымбат бағаға сатып алған
Ұлытау облысындағы 12 мектепке дейінгі ұйымдарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуда заңсыздық анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлытау облысының жалпы білім беру ұйымдарында азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының негізсіз өсу фактілерін Қаржы мониторингі агенттігі қабылдаған алдын алу шаралары кезінде әшкере болды.
Жезқазған қаласының 12 мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын ЖК-дан сатып алу жоғары бағамен жүзеге асырылғаны анықталды.
Өндіруші зауыттан тұтынушыға дейінгі бағаның айырмашылығы: қант 303 тг/кг мен 750 тг/кг (147%), қарақұмық жармасы 232 тг/кг мен 580 тг/кг (150%); айран 2,5% 450 тг/л. мен 179 тг/л. (135%); нан 475 тг/дана мен 85 тг/дана (274%); тауық жұмыртқасы 65 тг/дана мен 43 тг/дана (51%).