Екі өңірде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық автожолдар жабылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
22 желтоқсан сағат 09:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:
Ақмола облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 15:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.