Елімізде

«Екі мемлекеттен зейнетақы алған». Зейнеткер мемлекетке заңсыз алған төлемін қайтарды

Қайтарылған жалпы сома 8,9 млн теңге мөлшерінде

Қазақстан мен Ресей Федерациясы мемлекеттерінің қос азаматтығы бар қала тұрғыны 10 жыл бойы екі мемлекеттің аумағында бір мезгілде зейнетақы төлемдерін алып отырған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қала прокуратурасының ден қою актісі бойынша сотпен зейнетақы төлемдерін алушыдан 8,9 млн теңге мөлшерінде заңсыз алынған зейнетақы төлемдері өндірілді.