Елімізде

Екі облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның таратқан мәліметіне сүйенсек, 2026 жылғы 25 ақпан сағат 10:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеуі енгізіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл шара жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр.

Атап айтқанда, Қызылорда облысы аумағында «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтак — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1912 шақырым аралығында (Ақтөбе облысының шекарасы мен Бәйгеқұм ауылы арасы) көлік қозғалысы тоқтатылады.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысында осы аталған автожолдың 1153-1240 шақырым аралығында, яғни Ырғыз ауылы мен Қызылорда облысының шекарасы аралығында да қозғалысқа уақытша шектеу қойылады.

Мамандардың мәліметінше, жолды 2026 жылғы 26 ақпан сағат 10:00-де қайта ашу жоспарланып отыр. Дегенмен, нақты уақыт ауа райының жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.