Елімізде

Экс-мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды

Елге танымал шенеунік аса ауыр жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді

Қазақстан Республикасының бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов қолға түсті, деп хабарлайды jambylinfo.kz Антикорға сілтеме жасай отырып. 
 
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды", – деп ақпарат таратты антикор. 
 
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынған.