Елімізде

Елімізде 36 млн тонна мал азығы дайындалды

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті

2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 24,9 млн тонна шөп (жоспардың 101,5%-ы), 1,9 млн тонна пішендеме (112,5%), 3,2 млн тонна құрамажем (56,8%), 2 млн тонна сабан (97,0%), 4,1 млн тонна сүрлем (88,6%) дайындалды.