Елімізде

Елімізде 385-тен астам жойылып бара жатқан мамандық түрлері анықталды

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді

Кадр даярлауды экономиканың және өңірлік дамудың сұраныстарымен жүйелі түрде болжау және үйлестіру құралы ретінде Жаңа мамандықтар атластары әзірленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, жобалау және зерттеу жұмыстары барысында 1000 астам жаңа және 540 астам трансформацияланып жатқан мамандық, 385-тен астам жойылып бара жатқан мамандық анықталды. Сондай-ақ 310 тереңдетілген сұхбат жүргізілді. Әлеуметтік зерттеулерге 8 000 астам респондент қатысты.