Елімізде

Елімізде -40 градусқа дейін аяз күтіледі

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт суытады.

"Қазгидромет" дерегінше, солтүстік-батыстан жылжыған суық антициклонның әсерінен жауын-шашын тоқтап, арктикалық ауа массалары енеді. Соның салдарынан ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тек оңтүстік аймақтарда жауын-шашын сақталады, кей жерлерде қар қалың түсуі мүмкін. Сонымен қатар желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман секілді қолайсыз құбылыстар болжанып отыр.

Температура болжамы:

Батыс өңірлерде түнде -15…-25°C;

Солтүстік және орталық аймақтарда -28…-37°C;

Шығыста -32…-40°C-қа дейін аяз;

Оңтүстікте -0…-10°C шамасында суық болады.