Елімізде

Елімізде 9 мамырда әскери шеру болмайды

Биыл елімізде 7 және 9 мамырға арналған әскери шеру өткізілмейді, деп хабарлайды jambylinfo.kz "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қорғаныс министрлігі мұндай шешімді «бюджет үнемдеу және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігі негізінде» қабылдаған.

Қорғаныс министрлігіндегілер «шеруді жыл сайын өткізу керек» деген регламент жоқ екенін алға тартты. Яғни, қалаған уақытта өткізілуі де мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстанда 2019 жылдан бері әскери шерулер өткізілмеді. 2022 және 2023 жылдары шығынды үнемдеуге байланысты, ал 2021 және 2020 жылдары пандемия салдарынан ұйымдастырылмады. Биыл ардагерлер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығын атап өтеді.