Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Метеорологтардың мәліметінше, көктем басталғанына қарамастан Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклондары әлі де әсер етіп жатыр
"Қазгидромет" синоптиктері 8, 9 және 10 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Метеорологтардың мәліметінше, көктем басталғанына қарамастан Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклондары әлі де әсер етіп жатыр. Соның әсерінен солтүстікте қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр мен жылбысқы қар күтіледі, сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді.
Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Синоптиктердің айтуынша, көктемнің алғашқы айы жылы әрі жауын-шашынды болады. Орташа температура климаттық нормадан 2 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Ал жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста шамамен қалыпты деңгейде болады.