Елімізде

Елімізде қан донорларына берілетін өтемақыны көбейту ұсынылды

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бұл мөлшердің 20 жыл бойы өзгермегенін атап өтті.

Қазақстанда қан донорларына төленетін өтемақыны арттыру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазіргі таңда донорларға 0,25 АЕК, яғни шамамен 983 теңге төленеді. 

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бұл мөлшердің 20 жыл бойы өзгермегенін атап өтті.

Осыған байланысты өтемақыны республикалық бюджет есебінен 0,25 АЕК-тен 1,25 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылды. Сонымен қатар Астана мен Алматыда тромбоцит донорларын жергілікті бюджет арқылы қосымша ынталандыру мәселесі де қарастырылуда.

Сондай-ақ «Құрметті донор» мәртебесін қайта енгізу, әлеуметтік жеңілдіктер жүйесін кеңейту және донорлық қозғалысты дамыту үшін арнайы жоспарлар қабылдау ұсынылды. Бұған қоса, бизнес, еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен корпоративтік донорлықты дамыту қажеттігі айтылды.