Елімізде балаларды кейс-менеджерлер арқылы жеке сүйемелдеу енгізіледі
Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.
Оның айтуынша, білім беру ұйымдарында терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін турникеттер орнатылды, лицензияланған күзет қызметі жұмыс істейді, дабыл батырмалары мен бейнебақылау жүйесі басқару орталықтарына қосылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Күзет қызметіне қойылатын талаптар бекітілді, бұл мектептердің қауіпсіздігін арттырады. Сонымен қатар Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ақылды технологияларды енгізу жоспарланып отыр.