Елімізде 11 айда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13,4%-ға артты
Осылайша өнімнің жалпы құны 7,8 трлн теңгені құраған
ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында биылғы 11 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 11,6% жылдық жоспармен 13,4%-ға артқанын мәлімдеді , деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол бұл өсім өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемін 19,9%-ға, мал шаруашылығында 3,2%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті.