Елімізде

Елімізде газ есептегіш құрылғылардың көрсеткіштерін тіркеу үшін жасанды интеллект қолданыла бастады

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда есептегіштер көрсеткішін тіркеу ісіне жасанды интеллект енгізілуде.

Пилоттық жоба Қызылорда, Қостанай және Түркістан облыстарында іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жобаның мәні – арнайы мобильді қосымша арқылы есептегішті суретке түсірсеңіз болғаны, одан кейін көрсеткіштерді жасанды интеллект өзі анықтайды. Қазірдің өзінде қосымшаны 7000-нан астам адам жүктеп үлгерген.

Жақын арада қосымшаның мүмкіндіктері кеңейтілмек.