Елімізде

Қазақстанда ақпан айынан бастап электр энергиясы қымбаттайды

Өйткені 36 энергия өндіруші ұйым шекті тарифті көтеруге өтініш берген

Ақпан айынан бастап 1 кВт/сағ электр энергиясының шекті тарифі 2 теңгеге қымбаттайды. Бұл жөнінде "Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталына" жарияланған деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Электр өндіруші компаниялар жалақы шығыны, отын құны, көмір мен газды тасымалдау шығындары артқанын айтып, 36 ұйым шекті тарифті көтеруге өтініш берген.

Айта кетейік, министрдің бұйрығы 22 қаңтарға дейін "Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында талқыланады.