Елімізде

Елімізде креативті индустрияны қолдау күшейеді

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Мәжіліс креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Депутаттар бастамашы болған заңда креативті индустрия қызметкерлерінің құқын қорғау нормалары қарастырылған. 

Құжат 12 қарашада бірінші оқылымда мақұлданды. Түзетулер аясында «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» және «Кинематография туралы» заңдарға өзгерістер енгізіледі.

«Креативті индустрия қызметкері» және «креативті индустрия субъектілерінің тізілімі» сынды жаңа ұғымдар қосылады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің креативті индустриялар саласындағы жобаларға жеке инвестиция тарту мониторингін жүргізу құзыреті нақтыланады. 

Әкімдіктерге креативті индустрия саласындағы кәсіпкерлікті дамыту арқылы оның әлеуетті арттыру, таланттарды дамытуға жағдай жасау құзыреті беріледі. Шығармашылық және кәсіби еркіндікті дамыту мақсатымен креативті индустрия қызметкерлерінің құқын қорғау нормалары қамтылған. Сондай-ақ жастарды креативті индустрия саласына тарту бойынша мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары айқындалады.

Шетелдік әртістер қатысатын ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезіндегі ұйымдастырушылардың қызметі регламенттеледі. Сонымен қатар кинопрокатқа шығатын фильмдерге прокат куәлігін беру тәртібі өзгереді.