Елімізде әлеуметтік әмиян арқылы 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған
Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды
Елімізде әлеуметтік әмиян арқылы 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жаслан Мәдиев азаматтарға автоматты түрде, олардың өтінішінсіз ұсынылатын проактивті қызметтерді енгізудің маңызын атап өтті. Министр сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмектің құралына айналған әлеуметтік әмиянды енгізу туралы айтты.
Бүгінгі таңда 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, 2 мыңнан астам мектеп қамтылды. Барлық мемлекеттік дәріханалар жүйеге толығымен қосылған және қазірдің өзінде 1,5 млн-нан астам рецепт берілген.