Елімізде шамамен 85 мың гектар жер су үнемдеу технологиясымен суарылады
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті.
Оңтүстік өңірлерде 59 мың гектарға жуық жерге су үнемдеу технологиялары орнатылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның ішінде 15,5 мың гектарға жаңбырлатып суару жүйелері, 29,4 мың гектарға тамшылатып суару жүйелері қолданылған, ал 14,1 мың гектар жер лазерлік құрылғымен тегістелген. 2024 жылдың қорытындысына сәйкес, ел бойынша шамамен 158 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілген болатын. Оның ішінде оңтүстік өңірлерге тиесілісі — 130 мың гектар шамасында.
Қазір Қазақстанда жаңбырлатып және тамшылатып суару қондырғыларын шығаратын төрт отандық зауыт жұмыс істейді. Олар Түркістан облысында және Астана мен Алматы қалаларында орналасқан. Биыл Түркістан облысында тамшылатып суару жабдықтарын шығаратын үш зауыт ашу жоспарланып отыр.
Бекмолда Арнат
3 курс студенті