Елімізде су тасқынынан 7 адам көз жұмды - ІІМ
Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты халыққа арнаған Үндеуінде «басты міндет – адам шығынына жол бермеу" деген еді.
Бірақ, өкінішке қарай, Қазақстанда су тасқыны салдарынан 7 адам көз жұмған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлады jambylinfo.kz "Халық үні" сайтына сілтеме жасай отырып.
«Бірнеше өңірде қайғылы оқиға орын алды. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық істер тіркеліп, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр, - деді Марат Қожаев.
Осы орайда журналистердің бірі Абай облысының Аягөз ауданындағы тракторда отырған 2 адамның суға кеткенін еске салды. Қожаев ол адамдарды да тасқын судың құрбандары қатарына қосты.