Елімізде

Елімізде жоспарлы салықтық тексерулер тоқтатылды

Бұл туралы ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, жаңа жылдан бастап барлық жоспарлы салықтық тексерулер тоқтатылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сонымен қатар, тексеру рәсімі де өзгереді.

«Қазіргі таңда салықтық тексеруді тек екі рет қана тоқтатуға рұқсат етіледі. Көптеген тексеру кезеңдері электрондық форматқа ауыстырылды. Жалғыз өзгермегені – тексеру туралы нұсқаманы алғаш рет тапсыру», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.