Еліміздегі 535 гидротехникалық жабдықтың паспорты жоқ
Қазақстанда 1502 гидротехникалық жабдық бар. Оның ішінде 405 су қоймасы, 247 дамба, 461 бөгет, 118 су торабы, 271 тоған бар. Бұл гидротехникалық жабдықтардың 535-інің паспорты жоқ, ал 537-сі жөндеу жұмыстарын қажет етеді және олардың басым бөлімі коммуналды меншікте. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Арман Қалыков депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.