Елімізде

Еліміздің қай қалаларында ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

— 14 сәуірде Алматы, Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.