Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі электр станцияларында жөндеу жұмыстары басталмаған
Бұл Қарағанды, Жамбыл, Павлодар облыстары
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев еліміздің бірқатар облысындағы электр станцияларында жабдықтарды жөндеу жұмыстары әлі басталмағанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндаған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірқатар мәселелерге назар аударды. Мәселен, бірқатар аймақта, оның ішінде Жамбыл облысындағы «Тараз Энергоорталық» мекемесі әлі күнге дейін қыс қамына кіріспеген. Сонымен қатар, ведмство басшысы жылыту маусымы кезінде қосымша көмек берілетін кәсіпорындар белгіленгенін атап өтті.