Елімізде

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Көп аймақта тұман, көктайғақ, қар және қатты жел болжануда.

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 21 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыз құбылыстары күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Көп аймақта тұман, көктайғақ, қар және қатты жел болжануда.

21 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20-22 градус қатты аяз күтіледі.

21 қаңтарда күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 21 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

21 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

21қаңтарда Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

21 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 21 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ.

21 қаңтарда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.

21 қаңтарда Ақмола облысың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.                    

21 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі.

21 қаңтарда Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

21 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

21 қаңтарда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, Жарма ауданында екпіні 15-20 м/с.

21 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

21 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

21 қаңтарда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.