Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді
Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты мәлімдеді.
Алматылық тұрғындар 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісін тағы да сезді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты мәлімдеді.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісі түнгі 02:16 шамасында Қытай аумағында тіркелген.
Табиғи құбылыстың магнитудасы 5,0-ге жеткен.
Жерасты дүмпулерінің эпицентрінен шамамен 270 шақырым қашықтықта орналасқан Алматыда жер сілкінісінің қарқыны 2 балл деңгейінде байқалған.