Елордада көлік бөлшегін ұрлаған азамат ұсталды
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Астанада полицейлер аккумулятор ұрлығын әшкереледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Polisia.kz жазғандай, Астана қаласында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында автокөліктен аккумулятор ұрлаған азаматты қолға түсірді.
Тексеру нәтижесінде 41 жастағы ер адамның таңғы сағат 06:00 шамасында тұрғындар ұйықтап жатқан сәтті пайдаланып, жеке үйлердің жанында тұрған автокраннан аккумуляторды шешіп алғаны анықталды. Кейін ол ұрланған затты металл қабылдау пунктіне өткізіп жіберген.