Елімізде

Енді азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін еркін таңдай алады

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (МТНБ) өз қалауынша таңдай алады.

Ведомствоның мәліметінше, бұл жаңашылдық азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында енгізілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Енді көлік иелері кез келген қажетті цифрлар мен әріптер комбинациясын еркін таңдауға мүмкіндік алады.