Енді елімізде балалар мекемелеріне ерекше санитариялық бақылау енгізіледі
Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова айтты
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда балалар мекемелерінде ерекше бақылау енгізіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі аталған нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз етуге; себеп-салдарға ден қоюға ғана емес, бұзушылықтардың алдын алуға көшуге; қоғам мен ата-аналар үшін бақылаудың ашықтығын арттыруға; қызметтің өнім берушілерінен бастап процеске қатысатын барлық субъектілердің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік берді.