Елімізде

ЕНПФ-тағы активтер табысы төмендеп, шығын көлемі артуда

The final spritzer

Бұл деректер қор салымшыларының жеке шоттарынан алынған үзінді көшірмелерінде көрсетілген

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша табыстылық деңгейі минус 1,97%-ды көрсетті. Бір ай бұрын бұл көрсеткіш –1,64% болатын, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары бойынша табыс деңгейі де теріс – 7,73%. Ал осы аралықтағы (қаңтар-наурыз) инфляция 3,9%-ды құрады.

Жылдың алғашқы екі айында салымшылар жалпы 370,56 миллиард теңге жоғалтқан. Қор өкілдерінің айтуынша, мұндай теріс көрсеткіш активтердің валюта бағамына байланысты қайта бағалануымен және мемлекеттік құнды қағаздардың нарықтағы құнының төмендеуімен байланысты.

ЕНПФ сарапшылары инвестициялық табысты қысқа мерзіммен емес, кем дегенде бір жылмен салыстырып бағалауға кеңес береді. Себебі нарық жағдайы жиі өзгеріп отырады. Мәселен, 2024 жылғы наурыздан 2025 жылғы ақпанға дейінгі аралықта қор 2,7 триллион теңге көлемінде инвестициялық табыс әкелген.