Елімізде

Халық комада жатқан сарбаздың еміне 218 миллион теңге жинады

Ата-анасы сарбазды шетелде емдетуге қамданып жатыр

Әскерден мүгедек күйде оралған сарбаздың еміне халық 218 млн теңге жинап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бірнеше күн бұрын ауруханадан шығарылған сарбаз қазір үй жағдайында ем алып жатыр. Бүгін журналист Айдана Үсенбай әлеуметтік желідегі парақшасында сарбаздың еміне 218 млн теңге жиналғанын жазды.

Еске салайық, бұған дейін Ербаян Мұхтарға қорғаныс министрлігі көмек көрсететінін мәлімдеген.