Елімізде

"Ешқандай өзгеріс, тапшылық жоқ": Арман Шаққалиев сауда желілеріне мониторинг жүргізді

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 1 қаңтарда елордадағы сауда желілеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Ведомство басшысы ірі Small, Magnum, Анвар сауда желілерін аралады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сауда желілері бүгін 10:00-де өз жұмысын бастады. Алғашқы келушілердің бірі болған сауда министрі баға тұрақтылығы мен сөредегі тауарлардың қолжетімділігіне, ассортиментіне баса назар аударды. 

Сауда желілерінің өкілдерімен кездескен министр бағаны тұрақты ұстауды және оны негізсіз өсірмеуді тапсырды. Сондай-ақ министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесіне бақылау жұмысы жүйелі жүргізіліп жатқанын еске салды. 

Мұндай мониторинг жұмыстарын министрдің тапсырмасымен өңірлердегі сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттері жергілікті әкімдікпен бірлесіп белсенді жүргізіп жатыр. Айта кету керек соңғы 6 апта бойы ӘМАТ тауарларының бағасы тұрақты.