Газбен жабдықтау саласындағы апаттың 70%-ы неден болатыны айтылды
Бұл сұрақтың жауабын ведмство өкілі айтты
Газбен жабдықтау саласындағы апаттың 70%-ы газ баллондарына байланысты болады. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Спикердің айтуынша, газбен жабдықтау саласындағы апатқа байланысты кейінгі кезде жарияланған статистика алаңдаушылық туғызып отыр.