Елімізде

«Граниттің орнына киім». 35 млн теңгелік контрабанда мемлекет пайдасына тәркіленді

Астанада кеден бекеттерінің бірінен жалған кеден құжаттары бар жүк вагоны табылды

Көлік прокуратурасының үйлестірілген жұмысының нәтижесінде ондаған миллион теңге тұратын контрабандалық жүк тәркіленіп, мемлекеттік органдарға берілді,  деп хабарлайды  Jambylinfo.kz 
Құжатта көретілген граниттің орнына вагонда Қытайдан келген киімдердің үлкен партиясы табылған. Ақмола көлік прокуратурасының талабы бойынша жалпы құны 35 млн теңге болатын 30 тоннадан астам тауар мемлекетке тәркіленіп, әлеуметтік көмек алу үшін балалар мекемелеріне берілді.