Елімізде

Грекияда өрт үшін ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

Әлемдік БАҚ жазғандай, қазақстандықтар отшашу шашып, өрт басталған

21 маусым күні Грекияның Гидра аралында отшашу атқан 13 қазақстандық турист өртке себеп болған деген ақпарат тарады. Яхтаны жалға алған демалушылар отшашуды яхтадан құрлыққа қарай атқан бойда күшті жалынға ұласқан.Өртті өшіруге шама- шарқы жетпеген соң өрт сөндіру қызметін шақыртып, артынша өздері кетіп қалған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Өрт сөндіруге тікұшақ пен бірнеше ерікті жұмылдырылған.Бұл жайтқа қатысты туристер көптеп келетін Гидра қала әкімі “біз кейбір адамдардың соншалықты жауапсыз болып, отшашуды карағайлы орманға қарай шашқанына ашулымыз" деп мәлімдеме жасаған. 

ВВС-дің ақпаратына сүйенсек, қазір яхта экипажы қамауға алынған. Ал, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл іске қатысты ұсталғандар арасында ел азаматтары жоқ. 

Жаннұр Әбдіраманқызы