Халыққа бір реттік әлеуметтік төлем беріле бастады
Су тасқынынан зардап шеккен қостанайлықтарға бір реттік әлеуметтік төлем беріле бастады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Арман Әбенов су тасқыны жағдайы тұрақты мониторингте тұрғанын және қарғын судан зардап шеккендердің бәріне бір реттік әлеуметтік төлем беріп жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, Арман Әбенов айтуынша, су тасқыны орын алған сәттен бері облыста 850 мың текше метр су сорылып, 98 мыңнан астам құм салынған қап төселген. 423 техника, 136 мотопомпа, 27 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылған. Халық азық-түлікпен, дәрілік заттармен толық қамтамасыз етілген.