«Халықаралық ынтымақтастық». Олигополиялар тарапынан Қазақстанға 1,07 трлн теңге қайтарылған
Антикор сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволармен 13 меморандум жасасқан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет олигополиялар тарапынан Қазақстанға 1,07 трлн теңге қайтарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Агенттіктің дерегіне сүйенсек, олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылған. Бұл жұмыс – БҰҰ-ның тиісті Конвенциясында белгіленген жемқорлыққа қарсы күрестің іргелі халықаралық қағидаты.
Қазіргі жағдайда қаражат көбінесе басқа юрисдикцияларға шығарылады, сондықтан ұрланғанды анықтау және қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастық маңызды.
Агенттік халықаралық құқық қорғау желілерімен – БҰҰ жанындағы GlobE, Эгмонт, CARIN және ARIN тобымен белсенді ынтымақтастық жүргізуде, бұл шетелдік серіктестермен ақпарат алмасуды айтарлықтай жеделдетеді және жеңілдетеді.