Елімізде

Халық әртісі Асанәлі Әшімов қайтыс болды

Қазақстанның Еңбек Ері және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында дүние салды

Қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімов қайтыс болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz


Қазақстанның Еңбек Ері және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында дүние салды. Қаралы хабар бүкіл елді есеңгіретіп тастады.
Сахна саңлағы 1937 жылдың 8 мамырында Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол театр институтында кәсіби білім алып шығармашылық еңбек жолын Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театрында бастаған. Дарынды тұлға тек актер ғана емес режиссер және сценарист әрі ұлағатты ұстаз ретінде өнімді еңбек етті.
Өнегелі ғұмырында ол биік белестерді бағындырып 1980 жылы КСРО Халық әртісі атағына ие болды. Ал 2017 жылы мемлекет алдындағы ерен еңбегі үшін Қазақстанның Еңбек Ері жоғары наградасымен марапатталды.
Асанәлі Әшімовтің есімі «Атаманның ақыры» мен «Транссібір экспресі» сынды тарихи кинотуындылар арқылы халық жадында мәңгі сақталды.