Елімізде

Халықты 167 млн теңгеге шығынға батырған қаржы пирамидасының басқарушысы ұсталды

Ол Армениядан елге жеткізілді

Бүгін Бас прокуратура басқа да органдардың көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматшасын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадициялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Деректерге сүйенсек, 2019 - 2021 жылдар аралығында күдікті Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған. Нәтижесінде жалпы сомасы 167 млн теңгеден астам сомаға қырыққа жуық жәбірленуші алданған.

Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын жазаның әртүрлі түрлеріне сотталған. Ал қылмыс жасалғаннан кейін күдікті Арменияда жасырынған. Және сол елде ұсталды.