Елімізде

Көкшетауда үшінші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған

Әкесі қызды тауып алғанда тірі болғанымен, ақ халаттылар ажалдан арашалай алмаған

Көкшетауда үшінші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Новостей Кокшетау» басылымының жазуынша, он жасар қызды шалажансар күйінде әкесі тауып алып, тез арада ауруханаға жеткізген. Алайда ақ халаттылар қыз баланы ажалдан арашалай алмады. Полиция қайғылы оқиғаны суицид деп тіркеген.


Әзірге белгілісі, марқұм көпбалалы отбасында дүниеге келген. Үшінші сыныпқа баруы керек болған қыздың суицид жасауына не түрткі болғаны белгісіз.