Көкшетаулық жасөспірім ауладағы сырғанақты бұзғаны үшін егде адамнан таяқ жеген
![The final spritzer](https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2025/01/1738129985.webp)
Жасөспірім ауруханаға жеткізілді
Көкшетауда ер адам қар сырғанағын бұзған 16 жастағы жасөспірімді ұрған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Polisia.kz дерегінше, Көкшетау полиция басқармасының қызметкерлері 16 жастағы жасөспірімге дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Полиция кәмелетке толмағандарға физикалық күш қолдануға жол берілмейтінін және жауапкершілікке тартылатынын еске салады.